Мәртебелі Мәуліт айы

Адамзаттың асылы, пайғамбарлардың ардақтысы Мұхаммедтің (с.а.с) туған күніне орай аудандық мешітте Мәуліт мерекесі аталып өтті.

Ең әуелі, мешіт асханасында 200-ге жуық адамға арналып дастархан жайылып, ас берілді. Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы өзінің сәлем сөзін жеткізіп, Құран оқыды. Күллі мұсылман қауымының абзалы, екі дүниенің сардары болған Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с) туған күніне орай өткен атаулы мерекеге аудан әкімінің орынбасары Әнуар Шәкіров те келіп, қатысты.

Рухани кеш барысында мұсылмандар өміріндегі басты идеалға айналған пайғамбардың (с.а.с) өмір жолы ұлығыланып, тағылымы толассыз ғибратты ғұмыры насихатталды. С.Өтебаев атындағы мұнай және газ технологиялық колледжінің студенттері «Мектеп» атты қойылым қойды. Бұдан соң пайғамбар Мұхаммедтің (с.а.с) өміріне арналған бейнеролик қонақтардың назарына ұсынылды. Бұдан бөлек әлеуметтік жағдайы төмен 100 отбасыға тегін азық-түлік үлестірілді.

Ш.Хамитова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521