Мұнайшымен кездесу

Ауданымыздағы белгілі мұнайшылардың өмірі мен еңбек жолдарындағы жетістіктері бүгінгі жас ұрпаққа үлгі боларлықтай. Олардың әрбір ісі отансүйгіштік тәлім-тәрбиеге толы. 

Өз кәсібіне шын беріліп, ерінбей еңбек етіп, қара алтын өндіруге зор үлес қосып жүрген қайсар жандар жігерлі еңбектің арқасында қадірі артып, абырой мен құрметке бөленеді.

Өткен аптада аудандық балалар кітапханасында Ембі мұнайының 100 жылдығына орай осы саланың майталманы, ардагер мұнайшы Есқуат Бисеновпен кездесу кеші өтті. Кездесуде мұнайшы аға оқушыларға  өзінің еңбек жолы туралы әңгіледі. Еліміздің экономикасын өрге бастырып отырған мұнай саласының маңыздылығын ұқтырды.

Кездесудің мақсаты ардақты ардагерлер жолын оқушыларға үлгі ету болса, кеш сол мүдде үдесінен табылды. Адал еңбек етіп, сол еңбегі арқылы ел дамуына үлес қосудың қаншалықты жауапты екендігін ұқты. Ерен еңбегімен ел есінде қалар жерлестер есімін келешек ұрпаққа ұмыттырмау қашан да парыз. Оқушылар мұнайшымен кездесуден зор тағлым алды.

А.МОЛДАШЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521