Мұнайшы жастар қатары көбейіп келеді

Кез келген компания бәсекеге қабілетті мамандар даярлау мәселесіне баса назар аударатыны анық. Оның үстіне Елбасы өз Жолдауында "2019 жылды - Жастар жылы" деп жариялаған соң жастардың кәсіп көзін табуына барынша қолайлы ахуал туғызылары хақ.

Бұл орайда "Ембімұнайгаз" АҚ-да бұрыннан жақсы үрдіс қалыптасқан. Қоғамның Басқарма төрағасы Ә.Жақсыбековтің айтуынша, қазіргі таңда мұнда бес мыңнан астам жұмысшы-қызметкер еңбек ететін болса, оның бір мыңнан астамын 35 жасқа дейінгі жас мамандар құрайды. 2015 жылдан бастап компанияда Дуалдық оқыту бағдарламасы іске қосылды. Сол арқылы мұнайшылықты өмірлік кәсіп ретінде таңдаған студент-жастарға оқуды өндірістік тәжірибемен ұштастыра отырып, білім алуына жол ашылған. Былтырғы жылы осындай 93 студент компанияға қарасты басқармалардың өндіріс ошағында еңбек етіп, дайындықтан өтті. Күні бүгін олардың 37-сі жас маман болып жұмысқа қабылданып отыр.

Толығырақ «Кең Жылой» газетінің №9 санында

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521