Мұнайға сұраныс артып жатыр

Жанар-жағармай бағасының өсіміне қатысты әркім әртүрлі пікір білдіріп жатыр. Шындығында, күндердің күнінде қазба байлықтың таусылары да ақиқат. Соңғы жылдары елімізде «қара алтын» қоры да азайып келетіндігі жиі қозғалып жүр.

Рас, үш ірі кен орнынан (Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ) басқа жердің бәрінде мұнай өндірісінің көлемі төмендеп жатыр. Мысалы, 1990 жылдары Маңғыстау біздің мұнайымыздың 60 пайызын беріп тұрған. Сол Маңғыстаудың өндірісінің үлесі қазір 20 пайыз ғана болып қалған. Ал, осыдан 30 жыл бұрын 20 пайыз өндірісті қамтамасыз еткен Атырау қазір 60 пайыздық межеге шығып тұр. Яғни, екеуі орын алмасты. Ақтөбе айтарлықтай өзгермеген – 10 пайыз деңгейінде. Батыс Қазақстан шамамен 15 пайыздай.

Қызылордада өндірістің төмендеуі қатты байқалады. Бастапқы үлесі 2 пайыз болған, 20 пайызға дейін 2000 жылы жеткен үлесі, қазір 5 пайыздан төмен түсіп кеткен. Бірақ, бізде мұнай өнімдерін тұтыну деңгейі артып жатыр. Демек, ортадағы айырма көбейе береді. Бұл тығырықтан шығу үшін мемлекет квотаны көбейте бастайды. Сосын әлгі шағын мұнай шығаратын кәсіпорындар тағы зардап шегеді.

Абзал НАРЫМБЕТОВ,

мұнай-газ саласының сарапшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Whatsapp:  +77017650876

Әлеуметтік желілеріміз