Өткен аптаның аяғында қазақстандық қор биржасындағы доллардың теңгеге шаққандағы орташа бағамы 359,42 теңгені құрады.
Бұл төл теңгеміздің құны 1,07 теңгеге қымбаттады деген сөз. Тамыздың 20-сы күнгі бағам бойынша таңертеңгі және күндізгі сессияның қорытындысымен теңгенің орташа курсы 360,71 теңге, ал 25 тамызда 359,64 теңгеге түсті. Бұл әлемдегі мұнай бағасының қымбаттауына байланысты болды. Оған жаһандық жанар жағармай тасымалының қысқартылуынан туындайтын қауіпке және Иранға қарсы санкцияның күшеюі өз себебін тигізді. Соның нәтижесінде Brent маркалы мұнайдың баррелі 75,63 долларды құрады. Ал өткен дүйсенбі күні аталған қара алтын құны 76,02 долларға жетті. Мұнай бағасының күн-күнге өсуі төл теңгемізге белгілі бір деңгейде әсер етері сөзсіз.
Е.Бисекенұлы.