МӘМС – ке енді алдағы 12 айға төлем жасай аласыз

2022 жылдың қыркүйегінен бастап дербес төлеушілер сақтандыру мәртебесін алу үшін тек өткен 12 ай үшін емес, алдағы 12 айға да төлем жасай алатын болды. МӘМС-ке жарна төлемеген адамдар сол өзгерістер бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық  көмекті алу үшін екі тәсілдің біреуін таңдап, жарнасын төлей алады.

2022 жылдың 4 шілдесінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар қабылданды. Бұл өзгеріс 2022 жылдың қыркүйегінен бастап күшіне енді.

5 қыркүйекте МӘМС - ке бір жыл бұрын жарналарды төлеудің жаңа тетігі басталды. Оны «сақтандырылған» мәртебесі бар, сондай – ақ жүйеге ешқашан төлем жасамаған немесе оны жүйесіз жасаған барлық дербес төлеушілер пайдалана алады.

«Бұрын сақтандыру мәртебесін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тізбесінен медициналық көмек алу үшін пациенттің өткен 12 айға жарнасы төленген болуы және мәртебесін жоғалтпау үшін ай сайын жарналарды үзбей төлеуі міндеттелген еді. Өтініштерді талдау нәтижесінде жұмыс істемейтіндер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар өткен кезең үшін жарна төлеуге қызығушылық танытпайтыны анықталды. Сол себепті олар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысудың баламалы нұсқасы әзірленді. Ол сақтандыру мәртебесін алу үшін алдын ала 12 айға төлем жасауға мүмкіндік береді. Азаматтар алдын ала жарналарды төлеп, жыл бойы МӘМС тізбесіндегі медициналық көмекті алады. Біздің ойымызша, бұл халықты медициналық сақтандыру жүйесіне көптеп тартуға ықпал етеді» - деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Б. Газизов.

Бұл қалай жұмыс істейді және төлеушілер қандай нюанстарды білу керек? Бір жылға алдын ала мәртебе: МӘМС –ке қатынсу бойынша дербес төлеушілерден келіп түскен сұрақтарға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Байтолла Закарьяұлы жауап берді.  

- Мен соңғы 12 ай үшін МӘМС жарналарын төледім. Алдағы жылға жарна төлеу міндетті ме, әлде оларды ай сайын төлей аламын ба?

Міндетті емес. Егер сіз жарналарды ағымдағы кезеңдерге төлемей, тек алдағы жылға төлесеңіз, мәртебе бірден берілмейді. Ол келесі айдан бастап іске қосылады.

- Егер мен МӘМС ке жарналарды ешқашан төлемеген болсам, мен бір жыл бұрын алдын ала төлем жасай аламын ба және бұл жағдайда өткен жыл үшін жарналарды төлеуім керек пе?

Өткен жыл үшін бұл жағдайда жарналарды төлеудің қажеті жоқ. Ағымдағы ай үшін және алдағы 12 ай үшін төлем жасаған кезде мәртебе 3 жұмыс күн ішінде автоматты түрде беріледі. Егер сіз жарналарды тек алдағы жылға ғана төлесеңіз, ағымдағы кезең үшін төлемесеңіз, мәртебе бірден берілмейді, тек келесі айдан бастап беріледі.

- Егер мен МӘМС жарналарын кезең-кезеңмен төлесем, бұрын өткізіп алған кезеңдерді төлеместен, бір жыл бұрын алдын ала төлем жасай аламын ба ?

Иә, Сіз жарналарды бір жыл бұрын төлей аласыз. Сонымен қатар, егер сіз ағымдағы айды, яғни 13-ші айды қоса төлсеңіз, бірден сақтандыру мәртебесіне ие боласыз. Немесе сіз бұрын төленбеген кезеңдерді төлеу арқылы қаражатыңызды үнемдей аласыз. Бұл жағдайда сақтандыру мәртебесін сақтау үшін сізге ай сайын төлем жасау керек.

- Егер мен осы жылдың қыркүйегінен бастап жаңа төлем әдісін қолдануды таңдасам, мен қай кезеңге жарна төлеуім керек?

Төлемдер алдағы кезеңддер үшін жүргізілуі тиіс, яғни 2022 жылғы қазаннан 2023 жылғы қыркүйекке дейін, 2022 жылғы қыркүйек ағымдағы ай болып есептеледі. Егер сіз МӘМС үщін ешқашан төлем жасамаған болсаңыз немесе төленбеген айларыңыз болса, мәртебені бірден алу үшін қыркүйек айына да төлеу керек.

- 12 айға төлем жасағандықтан, маған 2023 жылдың қыркүйегіне дейін сақтандыру мәртебесі берілді. Мерзімі аяқталған соң, қанша уақыт жарна төлемеуге болады?

БЖТ төлеушілерден басқа төлеушілердің барлық санаттарында сақтандыру мәртебесі соңғы төлемді төлегеннен кейін 3 ай бойы сақталады. Яғни, егер соңғы төлем 2023 жылдың қыркүйегінде болса, шартты мәртебе сол жылдың желтоқсанына дейін сақталады. Мәртебені одан әрі сақтау үшін сіз осы кезеңдегі жарналарды төлеп, ай сайын төлемді жалғасыруыңыз керек.

- Егер мен төлем жасауды тоқтатсам, мәртебе үш айға дейін сақталады. Содан кейін өткен айлар үшін қарызымды жабу керекпін бе, әлде мәртебені бұрынғыдай алдағы бір жылға сатып ала аламын ба?

Болады, Бұл жағдайда өткен кезеңдердегі берешек ескерілмейді, бірақ мәртебе дереу берілмейді, келесі айда ғана беріледі. Мәртебені бірден алу үшін сізге ағымдағы ай үшін де ақы төлеу қажет.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ

Атырау облысы бойынша филиалы

Телефондар: 87122/556084, 8/7122/ 55 60 92.

Байланыс орталығы – 1406

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521