Мүмкіндігі шектеулі жандар онлайн арқылы тапсырыс бере алады

2020 жылғы сәуір айынан бастап aleumet.egov.kz әлеуметтік қызметтер көрсету порталында проавтикті қызмет көрсету іске қосылды.

Қазіргі таңда автоматтандырылған жүйе жұмысының алғашқы күндерінен бастап ерекше қажеттіліктері бар адамдарға көмегін көрсетуде. Бұрын кембағал жандарға қажетті қызмет көрсету және оңалту құралдары мемлекеттік сатып алу арқылы жүзеге асырылатын.

Тендерлік процедуралардың ұзақтығына азаматтарға қажетті тауарды күтуге тура келетін. Ең қиыны, мүмкіндігі шектеулі жандар көмек алу үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне баруға мәжбүр болатын. Енді мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің онлайн дүкенінде мүгедектер кресло-арбаларды, сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдарды, протездік-ортопедиялық көмекті, санаторлық-курорттық емдеуді, жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының қызметтерін алуға өтінішін ресімдей алады.

Аталмыш қызметті онлайн ұялы телефон номерлері базада тіркелген мүгедектігі бар әр азамат пайдалана алады. Жақын арада проактивті формат бойынша әлеуметтік қызметтердің қол жетімді тізімі кеңейе түседі. Енді: медициналық мекемеде және арнаулы әлеуметтік қызметтерді алуға, әлеуметтік маңызды топқа жататын, сырқат баласы бар отбасыларға, сондай-ақ мүгедек балаларды оқыту бойынша шығындарды өтеу үшін құжаттарды рәсімдей алады.

Л. Досжанова,

аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және

АХАТ бөлімінің ардагерлермен мүгедектер жұмыс секторының меңгерушісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521