Құлсары қаласындағы № 102 сайлау учаскесінде ауданымыздағы мүмкіндігі шектеулі азамат Сисенбай Әбілбаев та тіркелген еді. Ол өзі дауыс беретін учаскеге хабарласып Президент сайлауына қатысқысы келетінін айтқан.
Бұдан соң №102 сайлау учаскесі комиссия мүшелері дереу сайлау бюллетенін салатын жәшікті алып Сисенбай ағаның 3- ықшамдаудағы үйіне барды. Азамат сол жерде дауыс парағына қалаған үміткерін белгілеп, өз таңдауын жасады.