МҚІА: мемлекеттік органдардағы басқарушы және атқарушы лауазымдар саны реттеледі

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігімемлекеттік қызметті жетілдіру жөнінде заң жобасын әзірлеп, Парламенттің қарауына енгізді. Бұл туралы Агенттік төрағасы Дархан Жазықбаев мемлекеттік органның 2022 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысында хабарлады.

Біріншіден, Президент шешімімен саяси қызметшілерді «сенім жоғалтуына» байланысты жұмыстан шығару мүмкіндігі енгізіледі. Мұндай себеппен шығарылған қызметші мемлекеттік қызметке үш жыл бойы қайтып келе алмайтын болады.

Екіншіден, өзге өңірге ротацияланған қызметшіге үй жалдауға төлем енгізіледі. Бұл қызметшілерді өңірлерге ротациялануға ынталандырады.

Үшіншіден, мемлекеттік органдарға нақты бір жобаны атқару үшін уақытша шарт (контракт) бойынша жұмыскерді алуға мүмкіндік беріледі. Мұндай жұмыскерлер мемлекеттік лауазымдарды атқармайды және белгіленген уақытқа ғана алынатын болады. Бұл жаңашылдық Мемлекеттік басқаруды дамыту тұжырымдамасына сай енгізілуде.

Төртіншіден, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақыты режимінің сақталуы реттелетін болады. Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізіледі.

Бесіншіден, мемлекеттік органдардағы басқарушы және атқарушы лауазымдар саны реттеледі. Қазіргі кезде, кейбір мемлекеттік органдарда бір не екі қызметшіден құрылған бөлімшелер бар. Біздің мақсатымыз – мемлекеттік органдардың оңтайлы және тиімді құрылымын қалыптастыру.

 

 

ҚР МҚІА Баспасөз қызметі

 

 

Сайлау

ybory-2023-price

Сұрақ Жауап

Ауданда covid-19 жұқтырғандардың көбею себебі неде деп ойлайсыз?

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика