Мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысы көбеймек

«Біз мәдениет саласында жұмыс істейтін азаматтарға жеткілікті түрде көңіл бөлмей отырмыз. Бұл – кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне қатысты мәселе. Олардың еңбекақысы соңғы жылдары мүлде көбейген жоқ. Соның салдарынан мәдениет қызметкерлері, әсіресе жас мамандар жеңілдігі бар тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алмайды. Келесі жылдан бастап Үкімет мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейтуі тиіс», - делінді Жолдауда. Мен бұл пікірді қолдаймын. Мәдениет қызметкерлері халыққа қызмет көрсетеді. Сондықтан олардың еңбекақысы жоғары болуы керек.

Мұрат Қақпанбаев,

аудандық өлкетану музейінің басшысы

Сурет: ашық дереккөз

COVID 19

covid

Күнтізбе