Құм бораннан сексеуіл ғана қорғайды

Жуырда облыстық Мәслихаттың депутаты Мейрамбай Базарбай Мәйкөмген округінде болып, өз сайлаушыларымен кездесті. Ол Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдаулары мен бастамалары және «Нұрлы жер» бағдарламалары турасында түсінік беріп, тұрғындардың ой пікірлерімен бөліскен болатын.

Кездесу барысында алғашқы болып сөз алған Майкөмген округі әкімі Нұржарық Сауытов ауыл ішінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқтала келіп, теміржол бағытындағы үш шақырым жол және жаңа мектептің сметалық жобасы сараптамадан өткеннен кейін құрылысын жүргізу үшін қаражат көзін қарау жөніндегі ұсынысын жеткізді. Сондай-ақ әкім ауылда құм борасынынан қорғау үшін 6 га жер теліміне сексеуіл егу үшін сметалық жобасын жасақтауға қаражат қарау және тұрақты полиция мен дәрігер кадрлер мәселесін шешу, болашақта жолдарды күрделі жөндеуден өткізу,ауылды түгел жарықтандыру жайына тоқталып, бұған депутаттың назарын аударды. Ал жергілікті тұрғындар Ж.Әбікенов, А.Жұмабаева, С.Көптілеуов Теңіз кенішіне жастарды жұмысқа алуды 23 жастан емес, 20-21 жастан алса деген тілегін қоса жеткізді. Бұл күні депутат Мейрамбай Базарбай мекеме атынан көпбалалы ана К.Илбисиноваға баласының колледждегі бір жылдық оқу ақысын төлеп беруге көмек көрсетті.

Сайлаушыларымен кездесу барысында Мейрамбай Базарбай айтылған ұсыныс-пікірлерді Жылыой ауданы әкімшілігі мен облыстық Мәслихат сессиясында мәселе көтеретіндігі жөнінде уәде етті.

А.ЖАЛҒАСБАЙҚЫЗЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521