Мұғалім мәртебесімен қатар жалақысы да көтеріледі

Кездесуде «Nur Otan» партиясының елімізде орын алған төтенше жағдай, кейін пандемия кезінде атқарған қызметтері туралы баян етті.

Атырау облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Айкен Аманчина мектеп мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілерімен кездесу өткізді.

Кездесуде «Nur Otan» партиясының елімізде орын алған төтенше жағдай, кейін пандемия кезінде атқарған қызметтері туралы баян етті.

241220

- Біреу әкеп береді демей, ұстаздар қауымы бірлесіп жіберіп, сол кезде жетіспей жатқан бетперделерді тігіп, оларды тегін таратты. Азын-аулақ азығынан жырып, көршісіне ұсынғандарын көзіміз көрді. Мұғалімдеріміздің бұл ісі – ерлікпен пара-пар. Ғалым да, шахтер де бас иетін ардақты ұстаздардың мәртебесі жылдан-жылға жоғарылап келеді. Онымен қоса жалақы мөлшері де жыл санап артуда. Партияның алдағы 5 жылға дайындаған бағдарламасында мұғалімдердің балаларын балабақшаға кезексіз орналастыру; көп балалы, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған мұғалімдер; жалғысбасты ұстаздарды тұрғын үймен қамтуда жеңілдіктер қарастыру жоспарланған. Сонымен қоса балабақшаның тәрбиеші көмекшілері мен медицина саласының кіші буын қызметкерлерінің жалақысын өсіру жоспарға енгізілді. Саяси науқанда белсенділік танытуға шақырамын, - деді А.Аманқосқызы.

Жиынға қатысушылардың бірі несие мәселесі толғандыратынын айтты. Үміткер бұл мәселенің Үкіметте қаралып жатқандығын мәлім етті.

Ж.Әбдікәрімова

"Nur Otan" партиясының Атырау облысы Жылыой ауданы

сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521