Ұлттық рухты көтерген мереке

 Өткен 2022 жылдың 16 шілдесінде Ұлттық құрылтайда сөз сөйлеген еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұрын ұлттық мереке мәртебесін иеленіп келген Республика күніне қайтаруды ұсынды.

Содан кейін былтырғы кыркүйек айының ортасында Қазақстан Республикасының Парламенті "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға түзетулер енгізді. Осы құжатқа сәйкес, Республика күні, яғни 25 қазан – ұлттық мерекеге, ал Тәуелсіздік күні ретінде 16 желтоқсан – мемлекеттік мерекеге айналған еді.

Бұл, әрине, тарихи шешім болды. Республика күнінің мереке ретінде қайта оралуы Жаңа Қазақстан құруға бет алған көптеген отандастарымыздың рухын көтерді. Өйткені еліміздің егемендігі дәл осы күннен бастау алған еді. Айталық, 1990 жылдың 25 қазанында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің No307-XII Жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Онда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының егемендігі жарияланып, Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретіндегі өзінің дербес саяси-құқықтық негіздерін алға тартты. Тәуелсіз мемлекеттің іргелі қағидаттары ретінде Қазақстанның жеке тұтастығы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастар кезіндегі дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді. Осылайша Республика күні мемлекеттік мереке ретінде алғаш 1995 жылдың қазанынан бастап атап өтіле бастады.

 Мемлекеттік мереке еліміздің заңдылықты қадағалаушы басты саласы – прокуратура органдарының жұмысына дем берді. Конституциялық реформалар қарсаңында орын алған мұндай оңды өзгерістер жұмысты жаңаша жүйелі түрде жүргізуге жол ашты. Бұл сөз жоқ, Әділетті Қазақстан құру жолында жасалған батыл қадам болды.

 Сондай-ақ 2022 жылдың 5 қараша күні № 155-VII Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңы қабылданды.

 Аудан прокуратурасымен еліміздің Конституциясы мен заңдылық талаптарының сақталуын қадағалау, азаматтардың құқықтары мен мемлекет мүддесін қорғау жолында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Оған ағымдағы жылдың 9 айында атқарған жұмысымыз дәлел болады.

 Айталық аудан прокуратурасының қадағалау актілерімен биылғы үш тоқсанның өзінде 19 242 азаматтың құқықтары және 924 азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды.

 Азаматтардың еңбек құқықтартын қорғау бағытында 180 жұмысшыға 32 млн. теңге еңбекақылары өндірілген болса, 744 азаматтардың 48 млн. теңге көлеміндегі зейнетақы төлемдері өндірілді. Азаматтарға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 612-бабының 1-бөлігімен заңсыз толтырылған 589 электрондық әкімшілік қаулылардың күші жойылып, құқықтары қорғалды.

 Кәсіпкерлік субъектілердің құқықтарын қорғау бағытында да бірқатар жұмыстар атқарылды. Айталық, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 284-бабының 3-бөлігімен толтырылған 67 заңсыз әкімшілік хаттамалардың күші жойылды.

Мұның барлығы аудан азаматтарының конституциялық және азаматтық құқықтарының қорғалғандығының айқын дәлелі. Аудандық прокуратура бұл бағыттағы жұмыстарды алға қарай да жандандыра түспек. Өйткені Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өркениет елдеріне тән конституциялық және азаматтық құқықпен қорғалуы тиіс.

Асхат Қасымов,

Жылыой ауданының прокуроры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT