Ұлттық киіммен референдумға келген қариялар ел болашағына үн қосты

Жылыой ауданындағы референдумға ұлттық киіммен келген қариялар ерекше көзге түсті. Қазақтың дәстүрлі шапаны мен тақиясын киген Тұрғызба ауылының тұрғыны Ғайни Оразбаев пен кимешек жамылған Айсекер Күзекенова саяси науқанға ұлттық рух пен салт-дәстүрдің үндестігін ала келді. Олар Жем ауылдық округіндегі №106 референдум учаскесінде өз таңдауларын жасады. Қариялардың тек киімдері ғана емес, жылы лебіздері мен ел болашағына деген жауапкершіліктері де ерекше әсер қалдырды.
Ғайни мен Айсекер қариялар жастарды елдің болашағы үшін дауыс беруге ынталандырып, әрбір азаматтың пікірінің маңызды екенін атап өтті. Олардың бұл қадамы елдік рух пен қазақы болмыстың айқын көрінісі болды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT