Ұлттық киімді дәріптеді

Иә, ұлттық киім-ұлттың сәні ғана емес, болмысын да айшықтайды. "Наурызнаманың" 5-ші күні, яғни, 18 наурыз - Ұлттық киім күніне арналды. Осыған байланысты аудандағы бірқатар мекеме-ұйым қызметкерлері, студенттер мен оқушылар заманауи стильдегі ұлттық костюмдер киіп мерекені жаңа форматта атап өтіп жатыр.

Ұлттық киімге арналған бұл күн ата-бабамызды, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптарды еске алатын ерекше кезеңге айналуда. Ұлттық брендімізге айналған – ұлттық киімдердің ұлықталатын күні аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің ұжымы жұмысқа қазақы нақыштағы киім киіп келді. Көңілге жылылық ұялататын ою-өрнекпен безендірілген киімдер расында, көздің жауын алады. Бұған дейін әлеуметтік желі арқылы аудан тұрғындарын ұлттық киім киюге үндеген бөлім басшысы Әлібек Науаров қазақ мәдениетін насихаттауға бағытталған бұл күннің ерекшелігін атап өтті.

-Ұлттық стиль – ұлттық болмысты айшықтай отырып, ел мәдениеті мен тарихының ажырамас бөлігіне айналды. Ғасырлар бойы қазақтың ұлттық киімі қарапайым әрі әдемілігімен ерекшеленіп келді. Біздің қазақтың ұлттық киімі – біздің бай дәстүріміздің белгісі, сол киімді кию мен үшін үлкен мақтаныш. Өйткені оның кез-келген қазаққа жараса кететіні шындық. Сондықтан, дәстүрімізге сай, атадан-балаға мирас болып келе жатқан ұлттық киімдерді ұлықтау мақсатында өтіп жатқан «Ұлттық киім» күнінің маңызы зор. Ал іс-шараның талаптарына сай ұлттық киім үлгілері заманауи тұрғыдан ұлттық нақышта болуы тиіс. Сонымен бірге, алдағы уақытта оны тек сахналық немесе мерекелік емес, күнделікті киетін киімге айналдырып, қалыптастыру да көзделген,-дейді Ә.Науаров.

П.ТӘЖІ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT