Ұлттық қасиетті ұлықтайтын – жастар

Елдің үміті мен сенімін ақтау – әрбір өмірге келген жаңа буынның парызы. Сол себептен де қазіргі қоғамның жетекші күші – жастар. Олар еліміздің дамуына жауапты ең басты тұлға. Еліміздің тарихы мен мәдениетінің тағдыры, өсіп-өркендеуі мен модернизациялануы, жалпы бүгіні мен ертеңі жастарға байланысты . Жастар қай заманда, қай елде болмасын, асқақ арман мен зор үміттің, таза ар мен өр намыстың символы болған.

    Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел ертеңіне зор сенім артады. Онысын кешегі Республика күні қарсаңында еліміздің белгілі тұлғаларына мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды салтанатты түрде тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзінде де айрықша атап өтті.

 - Мен бұған дейін Адал азамат ұғымын ұсындым. Осы орайда, жастарымызға арнайы үндеу жолдағым келеді. Елімізде жүзеге асырылып жатқан әрбір бастама, ең алдымен, сіздерге арналады. Қазіргі реформалардың игілігін көретін де, елдік істерді жалғастыратын да – сіздер, - деген Президентіміз жастарымызды отаншыл, білімпаз, еңбекқор, үнемшіл, әділ әрі жанашыр болуға, спортпен, дене шынықтырумен айналысып, үнемі салауатты өмір салтын насихаттауға, сөйтіп жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге шақырды. Мұның астарында елдік мұрат, халықтық мақсат жатыр. Өйткені, Мемлекет басшысы айтқандай, «сонда ғана жеке адамның қасиеті тұтас ұлттың қасиетіне айналады».

   Иә, өскелең ұрпақтың жасампаздық қуатына сенім артқан Қасым-Жомарт Тоқаевтың үмітін жылыойлық жастардың да ақтайтыны анық. Өйткені ауданда саналы ұл-қыздар жетерлік. Оны күнделікті Жастар ресурстық орталығының жұмысынан да үнемі көруге болады. «Бәріміздің тілегіміз – бір, бұл – қоғамымызда жаппай әділеттік орнату. Ендеше, мақсатымызға бірге жетейік» деген Мемлекет басшысының сөзін қолдап, алға қарай да ел ертеңі үшін аянбай жастық қайрат пен күш-жігерімізді жұмсай бермекпіз!

Әлібек Амандықов,

аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT