Ұлттық мереке – Қазақстан мемлекеттілігінің дамуына елеулі ықпал еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметіне арналған мерекелер. Ұлттық мереке кезінде мемлекеттік органдарда міндетті түрде ресми іс-шаралар өткізіледі.
Себебі олар ерекше тарихи маңызы бар және мемлекеттіліктің дамуына әсер еткен оқиғалар қатарына жатады.
Ал Тәуелсіздік күні мемлекеттік мерекелер мәртебесіне ие болды. Бұл дегеніміз қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған күндер. Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы №267-ІІ заңының 2-бабында ұлттық мерекелерге Қазақстан Республикасындағы Ұлттық мереке деп Тәуелсіздік күні мерекесін белгіленген болатын. Енді Республика күні - ұлттық мереке боп саналады.
Жалғасын "Кең Жылой" газетінен оқи аласыздар