Ұлттар арасындағы алтын көпір

Жақында аудан әкімі жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті.

Онда кеңестің өткен жылғы жұмысының қорытындысы тыңдалып, 2020 жылғы жұмыс жоспары талқыланды. Кеңесті Нұрдәулет Ақназаров ашып, жүргізіп отырды. Аудан әкімінің орынбасары Әнуар Шәкіров баяндама жасады.

-Елбасы бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясына биыл 25 жыл толып отыр. Ассамблея құрылғаннан бергі ширек ғасырда ұлтаралық татулықты, ынтымақ пен бірлікті нығайту жолында қыруар іс тындырды.

Әр ұлттың мәдениеті мен өнерінің өркендеуіне жол ашылды. Ассамблеяның аудандық өкілдігі – аудан әкімі жанындағы Қоғамдық келісім кеңесі болып табылады. Аудан әкімінің шешімімен 9 адамнан құрылған Қоғамдық келісім кеңесі өткен жыл қорытындысы бойынша облыста бірінші орынға шықты. Бұл біздің аудан үшін үлкен мәртебе деп есептеймін.

Шынында да, отбасында, көршілер арасында, ауданымызда тұратын 23 ұлт арасында татулық пен достықты сақтауда Қоғамдық келісім кеңесі біздің жұмысымызға зор көмегін тигізді, бір сөзбен айтқанда, жұртшылық пен билік арасында алтын көпір болды. Кеңес жұмысының нәтижелі болуына осы отырған сіздер де атсалыстыңыздар. Алға қарай да баршаңызға осындай игі істеріңізде сәттілік тілеймін,-деді аудан әкімінің орынбасары.

Осыдан кейін Н.Ақназаров ауданда атқарылған жұмыстар туралы баяндамасын оқыды. Өткен жылы аудандық кеңес 33 шара, қала, кент, ауылдық округтердің келісім кеңестері 62 шара өткізген. Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Мұстахима Исаинова оң пікірін білдірді. Қызмет бабымен мекен-жайының ауысуына байланысты кеңес құрамынан шыққан М.Қабиденовтың орнына С.Серікбаев, Г.Наурызбаеваның орнына М.Исаинова және денсаулығына байланысты шыққан Т.Кәдіровтың орнына С.Бектілеуов ұсынылып, қолдау тапты.

Қ.Дүйсенбетов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521