Ұлтаралық татулық - ел бірлігі

Президентіміз Қамыс-Жомарт Тоқаевтың Жолдау барысында айтқан мәселелерінің бірі – ел бірлігі.

Ұлтаралық келісімдер мен этностар татулығының мәселе ретінде қаралуы дұрыс. Себебі, әртүрлі ұлттар арасындағы араздықтар мен келіспеушіліктерді көріп келеміз. Өзге ұлттың мәдениетіне құрметпен қарау ең әуелі біздің тектілігімізді, қонақжайлығымызды көрсетеді. Өзге ұлттың салтымен жүр, тілінде сөйле демеймін. Тілімізді, дінімізді сақтап қалу - біздің борышымыз. Тек қандай ұлт пен ұлыс өкілі болсын, барлығын тең дәрежеде көріп, әр адамға Қазақстан Республикасының азаматы ретінде қарауымыз керек. Себебі, жер бетінде Қазақстаннан өзге мемлекеттер бар. Шет мемлекеттердегі қандастарымызға бөтен елде жақсы жағдай жасалынуы үшін де өзге ұлтты жатсынбай, қабылдай білуіміз керек.

М.Қамысбай,

жас фотограф маман

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT