Карантиндік режим Жылыой ауданында 2020 жылдың 1 маусымы мен 5 маусым аралығында сақталады.
Аудан тұрғындары және қонақтары назарына!
2020 жылғы 30 мамырдағы Жылыой ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Жылыой ауданында шектеу режимын қамтамасыз ету жөніндегі Қаулысымен белгіленген карантиндік режим Жылыой ауданында 2020 жылдың 1 маусымы мен 5 маусым аралығында сақталады.
Осыған орай Маңғыстау облысынан шығатын Маңғыстау-Ақтөбе және Маңғыстау-Нұр-Сұлтан бағытындағы жолаушылар пойызына Жылыой ауданының теміржол вокзалынан тек Жылыой ауданы жергілікті тұрғындарын пойыздан түсіру жүргізіледі. Ал пойызға медициналық-емдеу орталықтарының шақырту қағазымен отырғызылатыны хабарланады.
Сол себепті, аудан тұрғындары 5 маусымға дейін алынған жол жүру билеттерін қайта тапсыру қажет. Билеттер кері тапсырылған жағдайда, 100 пайыз ақша кері қайтарылады.
Жылыой аудандық жедел штабы