Құлсарыда көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

Құлсары қаласы «Атырау» ықшам ауданындағы тұрғын үй пәтерлері пайдалануға берілді.

Аталмыш ықшам аудандағы пәтер құрылысы аяқталып, 60 пәтерлік тұрғын үй кешенінің кілті пәтер тұрғындарына табысталды. 

60 үйлік 3 қатарлы пәтер  «NCOC» мекемесінің демеушілігімен, Атырау облысы, Құрылыс басқармасының тапсырысымен 2021 жылдың тамыз айында басталып, құрылысын «TSG Констракшн» мердігер мекемесі жүргізді.

Жаңа 60 пәтерлік тұрғын үйдің 30 пәтері 3 бөлмелі, 30 пәтері 2 бөлмелі, жалпы ауданы 4025 м/кв құрайды. Жобаның жалпы құны 1492,1 млн теңге.

Тұрғындардың қуанышына орай пайдалануға берілген жаңа баспана пәтер тұрғындарын разы етті.

- Көптен күткен қуанышымыз еді. Бүгін міне өз пәтеріміздің кілтін қолымызға алып жатырмыз. Ескі үйде де біраз уақыт тұрдық. Бұл жаңа қоныста биыл бұйырып жатыр. Барлық демеушілер мен әкімшілікке алғыс білдіреміз. Жаңа Қазақстан дами берсін. Әлде де қала тұрғындарының игілігіне осындай зәулім пәтерлер беріле берсін,-деді пәтер тұрғыны Гүлбар Қалиева

Айта кетейік, жаңа баспана кілті апатты жағдайда деп танылған Махамбет даңғылы және Завершенский көшесінде орналасқан үйлердің тұрғындарына табысталды.

А.Жұмабергенова

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT