Өртті сөндіруге 2 бірлік өрт сөндіру техникасы мен 8 қызметкері жұмылдырылды.
25 қараша күні 21 сағат 32 минутта №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне Құлсары қаласы, «Саят» дүкенінің артында көпқабатты үйдің бір пәтерінен өрт шығып жатқаны жөнінде хабар түсті, - деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД Жұртшылықпен байланыс тобы.
Шақырту орнына жеткен кезде Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы бойындағы 2 қатарлы үйдің 1-ші қабатында орналасқан бір пәтердің жалпы ауданы 6м2 (2х3) болатын ас бөлмесінде ток желілерінің жанып жатырғаны анықталды. Жану салдарынан ас бөлме толықтай бүлінді. Өртті сөндіруге №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 2 бірлік өрт сөндіру техникасы мен 8 қызметкері жұмылдырылды.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Құрметті тұрғындар! Электр құрылғыларын қосулы күйде қалдырмаңыздар!
Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаңыздар!
"Жылыой-ақпарат"