Құлсарыда автокөлік өртенді

Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ

Құлсары қаласы №2 МӨСБ -нің байланыс бекетіне 2020 жылдың маусым айының 23 күні 17 сағат 49 минутта Құлсары қаласы, Автожолшылар ы/а, №95 мекен-жайында автокөлік жанып жатырғаны туралы хабар келіп түсті.

Оқиға басына барған кезде Құлсары қаласы, Автожолшылар ы/а №95 үйдің ауласында тұрған "RAVON R4" маркалы автокөліктің қозғалтқыш бөлігі мен алдыңғы 2 дөңгелегі толықтай жанып, тұрғындардың өз күштерімен сөндіріп алғаны анықталды.

Оқиға кезінде зақым алғандар мен қаза болғандар жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі, автокөліктегі өрт оқиғаларын болдырмау мақсатында, көлік құралын пайдаланушыларға көліктегі өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді!

Жылыой ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521