Құлсарыда қаланы Құрсай өзегі арқылы жалғайтын көпірдің қашан аяқталатыны белгілі болды

Жыл соңына дейін Құлсары қаласындағы Нұрманов және Сариев көшелерін Құрсай өзегі арқылы жалғайтын көпірдің құрылыс жұмыстары аяқталмақ. Бұл туралы және тағы да басқа құрылыс нысандары жайында Құлсары қаласы әкімі Е.Ысмағұл онлайн брифингте хабарлады.

Қала әкімінің «Құлсары қаласының даму бағытындағы атқарылған жұмыстар мен алға қойған міндеттер» туралы баяндамасына сүйенсек, қазіргі таңда орталық Махамбет даңғылына жол-құрылыс жұмыстары жүруде. Мердігер мекеме «АтырауИнжСтрой» ЖШС. Бекітілген сметалық-құжаттамаларға сәйкес құрылыс жұмыстары 2023 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. Жоба бойынша Махамбет даңғылының 2,2 шақырым автомобиль жолы мен көлемі 29,348 шаршы метр болатын жаяу жүргіншілер жолдарына күрделі жөндеу жүргізілмек. Аталған жұмыстар жылдың аяғында аяқталады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, қала әкімі Е.Ысмағұл көпшіліктің талқысына түскен қалаішілік автомобиль жолдары туралы да айтып өтті.

-Автомобиль жолдарын қайта жаңарту жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасының 3-ші кезеңі жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Аталған сараптаманың қорытындысы бойынша бүгінгі таңда аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы бөлімі мемлекеттік сатып алу конкурстарын ұйымдастыруда. Аталған жоба аясында биыл мердігер мекеме анықталып, құрылыс жұмыстары 2023 жылы басталатын болады. Жобада қалада 110 көше және сол көшелердің 31,8 км автомобиль жолын салу жұмыстары қарастырылуда,- деді қала әкімі.

А.ЖҰМАБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT