Құлсары станциясынан пойызға жолаушылар отырғызылмайды

Аудан тұрғындары және қонақтары назарына!

Жылыой ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Жылыой ауданында шектеу режимді қамтамасыз ету жөніндегі Қаулысымен белгіленген карантиндік режим Жылыой ауданында 2020 жылдың 2 шілде мен 15 шілде аралығында сақталады.

Осыған орай Маңғыстау облысынан шығатын Маңғыстау-Ақтөбе және Маңғыстау-Нұр-Сұлтан бағытындағы жолаушылар пойызына Жылыой ауданының темір жол вокзалынан жолаушыларды түсіру, мінгізу медициналық-емдеу орталықтарының шақырту қағазымен отырғызылып, түсірілетіні хабарланады.

Сол себепті, аудан тұрғындары 15 шілдеге дейін алынған жол жүру билеттерін қайта тапсыру қажет. Билеттер кері тапсырылған жағдайда 100 пайыз ақша кері қайтарылады.

Жылыой аудандық жедел штабы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT