Құлсары қаласының әкімі тағайындалды

Қала әкімі

Жылыой ауданы әкімінің 2023 жылғы 24 қаңтарындағы №6-к өкімімен АДИНОВ ҚАДІРЖАН АМАНКЕЛДІҰЛЫ Құлсары қаласының әкімі болып тағайындалды.


Адинов Қадіржан Аманкелдіұлы 1991 жылы 6 желтоқсанда Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ.

2013 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін геодезия және картография мамандығы бойынша;
2015 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін мұнай-газ ісі мамандығы бойынша бітірген.

2019 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінен заңгер мамандығы «Магистр» дәрежесін алған.

Алғаш еңбек жолын 2014 жылы Құлсары қаласы әкімі аппаратында штаттан тыс қызметкер ретінде бастаған.

2017-2019 жылдары Құлсары қаласы әкімі аппаратында бас маман қызметін атқарған.

2019 жылдың желтоқсан айынан күні бүгінге дейін Құлсары қаласы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 36 бабына және Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының сайланған әкімді тіркеу туралы шешіміне сәйкес аудан әкімінің №6-к өкімімен 2023 жылдың 24 қаңтарынан бастап Құлсары қаласының әкімі болып тағайындалды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521