Құлсары қаласындағы электр желілері қараша айына дейін толықтай жаңартылады

Бұл туралы Жылыой ауданының әкімі Халел Жамалов «Жылыой ауданының 2022 жылғы 4 айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары» туралы баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы шеңберінде Құлсары қаласында трансформаторларды орнату және электр желісі мен бағаналар жүргізу жұмыстары осы жылдың ақпан айында басталған. Жұмыстар қараша айында аяқталады деп күтілуде.

-Жұмыстар аяқталған соң қаланың №1, 5, 6, 8, 9 ауылдары, Жадырасын, Солтүстік Аэропорт, Оңтүстік Аэропорт, Автожолшылар, СМП-224, СМП-615, Теміржолшылар, Вахташылар Мұрагер, Мешіт ықшам аудандарының электр мәселесі толықтай шешіледі, деді Х.Жамалов.

Сонымен қатар аудан әкімі «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде Қосшағыл ауылында электрмен қамту бойынша жобалау-сметалық құжаттамалары жасақталып, сараптама қорытындысы алынғанын айтты. Қазіргі таңда мердігер мекемені анықтау үшін мемлекеттік сатып алу жарияланған.
Айта кетейік, өткен жылы Қосшағыл ауылына көше жарығын жүргізу жұмыстары аяқталып, жалпы ұзындығы 7,5 шақырым көше жарығы пайдалануға берілген болатын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521