ҚҰЛСАРЫ ҚАЛАСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2022 жылдың 21 желтоқсанында Құлсары қаласында осы жылы жұмысын жалғастырған «Теңізшевройл» ЖШС (бұдан әрі – ТШО) Қоғамдық Консультативтік Кеңестің (ҚКК) кезекті отырысы өтті. ҚКК құрамына Жылыой ауданы және Құлсары қаласы әкімдігінің, аудандық мәслихаттың өкілдері, Жылыой аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы, «Атамекен» РЖП директоры, ТШО басшылығы мен қызметкерлері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер мен аудан белсенділері кіреді.

Отырысты ТШО-ның үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Дәрмен Аронов ашып, өткен ҚКК отырысында айтылған ұсыныстардың қорытындысы бойынша іс-шаралар жоспарына қысқаша шолу жасады.

Белсенділер мен тұрғындардың көптеген сауалдарына жауап ретінде ТШО өкілдері Теңіз кенішіндегі вахталық жұмыс әдісін 28х28 күннен 14х14 күнге өзгертуге қатысты ақпарат берді. Сондай-ақ қатысушылардың сөзінде ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасынан және кәсіптік оқыту бағдарламасынан босатылу мәселесіне, Жылыой ауданына көрсетілген демеушілік және «Игілік» әлеуметтік және инфрақұрылымдық даму бағдарламасының жобаларына шолу жасалды. Жылдық бюджеті 25 млн АҚШ доллары болатын бағдарлама бойынша Жылыой ауданында 1999 жылдан бері 59 жоба іске асырылған. Дәлел ретінде салынған балабақшалар  мен спорттық-сауықтыру кешендерін, медициналық нысандарды, саябақтарды инфрақұрылым, инженерлік желілердің жөнделгендігін айтуға болады. Бұл жұмыстарға жалпы сомасы 114 млн АҚШ долларынан астам қаражат жұмсалыпты.

osk

Аудан тұрғындары Жылыой ауданындағы ҮЕҰ жұмысын жетілдіру, сондай-ақ жергілікті жастарды жұмыспен қамту, «Игілік» бағдарламасы аясында әлеуметтік нысандар салу сияқты бірнеше өзекті мәселелерді көтерді. Мәселен, жас тұрғынды жұмыспен қамту мәселесі қызықтырса, белсенді тұрғындардың бірі мектеп үшін жылыжай салуды ұсынды. Олардың сұрақтарына ТШО өкілдері мен Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов жауап берді.

Қоғамдық-консультативтік кеңес 2010 жылы құрылған еді. Бірақ пандемия кезінде жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болды. Жағдай тұрақтанғаннан кейін «Теңізшевройл» басшылығы жұртшылықпен  бизнес арасындағы өзара  іс-қимылдың маңызды саналатын осы бөлігін қайта жандандыру керек деп шешті. Компания өкілдерінің айтуынша, Жылыой ауданы мен Құлсары қаласына ерекше назар аударудың да өзіндік себебі бар. Өйткені Теңізшевройл дәл осы өңірде өзінің өндірістік қызметін атқарып отыр. Сондай-ақ олар алдағы уақытта да халықпен белсенді қарым қатынаста болып, ауданның әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерін шешуге ықпал ететіндіктеріне сендірді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT