Өлкенің гүл жайнаған балдырғандары

Ақкиізтоғай ауылында «Ақбөбек» бөбекжай -бақшасында «Өлкенің гүл жайнаған балдырғандары» атты мерекелік шара өтті.

Ақкиізтоғай ауылында "Ақбөбек" бөбекжай-бақшасында "Өлкенің гүл жайнаған балдырғандары" атты мерекелік шара өтті. Балалар әдемі ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Анасы мен баласы асфальтқа «Әрқашан күн сөнбесін!» тақырыбында суреттер салды.Белсенділік танытқан ата-аналар дипломмен марапатталды.

Ауылымыздың жеке кәсіпкерлері Күнсая Айтыбасова, Саяхат Жакенова «Қамқоршылық акциясы» барысында жартылай жетім, денсаулығына байланысты тіркеуде тұрған балаларға ойыншықтар сыйлап, демеушілік көрсетті.

П.ШЫМЫРБАЙ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT