Кешеден бері "Жұлдыз" шағын ауданында жоғалған жас жарымдағы сәбиді іздестіру жалғасуда. Әли есімді сәби 13.30 шамасында үйден шығып кеткен. Үстінде торлы жейде, қара келте шалбар болған.
Айрықша белгісі: оң аяғын сылтып басады.
Бүгін таңғы сағат 06.30 бастап көмекке келген қала мен жақын маңдағы поселкелердің 400-ге жуық тұрғыны мен еріктілер, 50 ұлттық ұлан әскері, 20 техника мен 100-ден астам полиция қызметкері, сонымен қатар, Төтенше жағдайлар департаментінің 16 қызметкері, 4 техника және 2 қызметтік ит осындағы 50-ден астам көшелерді жан-жақты тексеруге жұмылдырылды.
Туыстары сәбиді ұрлап кеткен жоқ па деп те болжап отыр.
Сонымен қатар, кешеден 3 дрон қолданылуда. Бұдан басқа, полиция қызметкерлерімен жедел жан-жақты жұмыстар жалғасуда.