Әлеуметтік мәселе - басты назарда

«Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезіне қатысып, еліміздегі жаңа бастаулардың тарихи кезеңіне куә болдық. Бас партия елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосып келеді. Съезден бір күн бұрын партияның Саяси кеңесінің отырысы өтті.

Отырыста партия Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар аймақтардан жиналған партия мүшелеріне арналған тақырыптық сессиялар өтті. Бас партияның 20 жылдығына орай ұйымдастырылған жиында «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасы талқыланды. Елбасы барша партия мүшелерін 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтап, осы жылдар ішінде иық тіресе жұмыс жасап, бірге келе жатқан қатарластарына рахметін айтты."Біз үшін тұтас дәуір. Тәуелсіздігімізді нығайтып, мықты мемлекет құру үшін маңызды реформалар жасау керек болды. Әйтпесе өркениет жолына бастайтын әлемдік даму көшінен қалып қояр едік. Сондықтан "Нұр Отан" мықты саяси күшке айналып, нақты жұмыс көрсетті. Партияластарыма алғыс айтамын" деді Елбасы. Ол, алдымен, қол жеткізген жетістіктерімізге тоқталып, тәуелсіз мемлекеттің экспорттық сауда көлемі 9 есеге өскенін атап өтті.

Сонымен қатар Елбасы халықтың әл-ауқатын көтермесе, кез келген экономикалық жетістіктің керегі жоқтығын жектізді. Елбасы бұл съезде Қазақстанның дамуына жаңа старт беретінін айтты. Жалпы партия ел экономикасының дамуына аса мән береді. Алдағы онжылдықта да үлкен жұмыстар атқарылады деп күтілуде. Елбасы кірісі аз отбасылар арасында 111 мың ғана отбасы атаулы көмек алып отырғанын, енді көп балалардың жәрдемақысын әрбір балаға 21 мың теңгеге жеткізуді тапсырды. Бүгінде елімізде 4 баладан көп баласы бар 340 мың отбасы бар. Оларды қолдау үшін 500 миллиард бөлінген.

Сонымен қатар мүгедек бала асырап отырған ата-аналар мен отбасыларға, асырушыларға берілетін жәрдемақыны 30 пайызға асыруды тапсырды. Аймақтардағы атқарушы органдар қызметкерлерінің айлығын 25 пайызға өсіру үшін 980 млрд теңге бөлінбек.

Сайлаубай Таласов,

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521