Әлеуметтік құқықтың әлеуеті артады

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған «дөңгелек үстел» өтті. Оған бөлімнің қызметкерлері мен бөлімге қарасты орталық басшылары қатысты.

Жиын барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі талқыланды. Онда бөлім басшысы тарапынан бірқатар нақты тапсырмалар беріліп, бірінші тоқсанда атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Сонымен қатар құжаттарды негізсіз кері қайтармау керектігі тапсырылып, өтініштерді уақытылы қарау, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру сынды маңызды мәселелер қозғалды. Бөлім мамандары мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жалғаса беретінін жеткізді.

«Дөңгелек үстел» нәтижесінде қызмет алушылармен тиімді байланыс орнату және олардың әлеуметтік құқықтарын қорғау мәселесіне ерекше мән берілетін болды. Мұндай жиындар аудан тұрғындарына көрсетілетін әлеуметтік қызметтің сапасын көтеруге, халықтың сенімін арттыруға септігін тигізетіні сөзсіз.

Л.Досжанова,

аудандық жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT