"ТШО" ЖШС-нің үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев:
- "ТеңізШеврОйл" ЖШС-мен серіктес болу үшін, аталған жылдың басымдықтары шеңберіне кіретін жобаларды ұсыну қажет.
Жоба қоғамдастықтың қажеттіліктері мен басымдықтарына міндетті түрде қолдау көрсетуге, сондай-ақ үкіметтің қажеттіліктері мен басымдықтарына сәйкес келуге, тиімді болуға (мақсатты бенефициарлар инвестициялар үшін үлкен құндылыққа ие) және бенефициарлардың әлеуетті мүмкіндіктерін нығайтуға тиіс.
Сондай-ақ, біз қолдайтын жобалар ұзақ мерзімді перспективада тұрақты дамуға ұмтылуы керек. Басқалай айтқанда, "ТеңізШеврОйл" ЖШС-гі тарапынан болашақта қосымша қаржыландыруды талап етпейтін, бағдарлама пайдасы жалғасып, мерзімінен асатын жобаларды ғана қаржыландырады.
"ТеңізШеврОйл" қаржыландыратын барлық жобалардың мақсаттары айқын және де табысты жүзеге асыру әлеуеті бар. Сондай-ақ, кез-келген өзгерістерге оңай бейімделетін жаңашыл және икемді адамдармен жұмыс істеуге тырысамыз.