Әлеуметтің әлеуеті

Өткен жылы аудан бойынша «Мансап» орталығына 8827 тұрғын жұмыс іздеуші ретінде тіркеліп, 5301-і жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылды. Оның ішінде: тұрақты жұмысқа – 3 293 адам, қоғамдық жұмысқа – 598, «Жастар тәжірибесіне» – 301, «Күміс жас» жобасына – 128, әлеуметтік жұмыс орнына – 41, алғашқы жұмыс орнына – 55, Ұрпақтар келісімшартымен – 4 адам, 2 мүгедектігі бар тұрғын арнайы жұмыс орындарына орналасты. Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік қайтарымсыз грант бойынша 400 АЕК (1 млн 476 мың 800 теңге) көлемінде қаражат әлеуметтік осал топтарындағы 45 адамға беріліп, өз істерін ашты. Оның ішінде: 36 – көп балалы отбасылар, 6–ы мүгедектігі бар адамдарды асыраушылар, 3 – і мүгедектер. -345 адам «Бастау бизнес» арқылы кәсіпкерлік негіздеріне; -402 адам онлайн skills арқылы оқыды; -16 жұмыссыз және 71 адам Жылыой ауданы әкімдігі мен «CIS Kashagan» ЖШС-нің келісімі негізінде және «Теңізшевройл» ЖШС арқылы APEC PetroTechnic жоғарғы колледжінде 7 мамандық (аргон доғалық дәнекерлеу, БӨАЖА (КИПИА), оқшаулағыш (изолировщик), жеке кәсіпкерлер мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді есепке алу негіздері, тиімді СММ, макияж негізі, т.б) бойынша тегін оқып, сертификаттарын алды. -5 091 адамға кәсіптік бағдар берілді.

Ұлттық жоба шеңберінде 6 жоба бойынша күні бүгінге дейін 34 адам жұмыспен қамтылды. «Құлсары қаласы, Атырау ықшам ауданында жаяу жүргіншілер жолдарын салу» бойынша 16 адам; «Жылыой ауданы, Құлсары қаласында балалар ойын алаңының құрылысын» салу жобасы бойынша 2 адам; «Жылыой ауданы, Құлсары қаласында 180 орындық №20 мектепті үлкейту жұмыстарын жүргізу» жобасы бойынша 5 адам; Жылыой ауданы «Қара арна және Жаңа Қаратон кентінде мәдениет үйінің ашылу» жобасы бойынша күні бүгінге 5 адам; Жылыой ауданы «Медициналық мекемелердің құрылыс жұмысын» салу жобасы бойынша 6 адам жұмыспен қамтылды. Жыл басынан 4 рет жәрмеңке өткізіліп, 40 бос жұмыс орындары ұсынылып, нәтижесінде 37 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2023 жылғы 21 маусымдағы №227 бұйрығына сәйкес, 2024 жылға аудан бойынша 62 отбасындағы 373 адамға 35,607 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Сонымен қатар, бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі балаларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезеңіне әрбір балаға 1,5 айлық есептік көрсеткіш (5538 теңге) мөлшерінде ай сайын қосымша төлем төленді. Оған 116 балаға 4,741 мың теңге қаражат есептелді. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге 46 балаға 6,129 мың теңге төленді. Жылыой аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қазандағы №8-1 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне сәйкес, Құлсары қаласының су тасқыны салдарынан зардап шеккен тұрғындарына 100 АЕК мөлшерінде бір реттік әлеуметтік көмек төлеуге 3939 отбасынан өтініш қабылданып, нәтижесінде 3753 отбасына 1 млрд 385 млн 717 мың теңге қаражат бөлінді. Сондай-ақ аталған шешімге сәйкес, атаулы және мереке күндеріне 3581 адамға 167 млн 32 мың теңге бір реттік әлеуметтік көмек төленді.

Аудан бойынша мүгедектігі бар адамдар саны – 2820, оның ішінде 1-топтағы мүгедектігі бар – 249, 2-топтағы мүгедектігі бар – 964, 3-топтағы мүгедектігі бар –1070 және бала жастан мүгедектігі бар балалар саны - 537. Протез ортопедиялық құралдар бойынша 187 өтініш түскен, оның 156-ның сұрауы қанағаттандырылды, сурдотехникалық құралдар бойынша-14 өтініш, кресло-арба бойынша-23 өтініш түсті. Атырау қаласындағы оңалу орталығына 56 мүгедектегі бар жан жолдама алды. Ымдау тілі маманының қызметі бойынша 33 өтініш толықтай қамтылып отыр. Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша өтініштер де қаралып, тиісті жұмыстар жасалып жатыр. Мүгедектерді әрекетке қабілетсіз деп тану туралы 12 сот отырысы өтіп, 5 мүгедекке аудан әкімінің қорғаншылыққа алуы туралы қаулысы шықты. Әлеуметтік такси қызметі өз жұмысын ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап, аталған қызмет бойынша 6336 өтініш қанағаттандырылып, тасымал жасалды. Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармақшасының бесінші абзацына сәйкес, «№4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 1 азамат орналастырылды.

Жыл басынан күні бүгінге дейін жеке көмекші қызметіне 151 өтініш түсіп, қазіргі таңда 131 өтініш бойынша жұмыстар жүргізіліп, ай сайын ілесіп жүру акттары қабылданып, қаражаттары аударылып отыр. Оның ішінде 25 - мүгедектігі бар жан Порталға тікелей тіркелу арқылы, 106 мүгедектігі бар жан «Мақат» ҚБ-не тіркелу арқылы өз қызметтерін алуда. Сонымен қатар 651 мүгедектігі бар жандар санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, «Мүгедектерді техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» оның ішінде міндетті гигиеналық құралдарға жыл басынан бері 726 өтініш, тифлоқұралдар бойынша 123 өтініш қанағаттандырылды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және тұрғындар арасында Қазақстан Республикасының «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңын және әлеуметтік қолдау аясында енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша мүгедектігі бар жандар үшін түсіндірме жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады.

Атап айтқанда, бөлімнің әлеуметтік желісіне 33 хабарлама, бөлім қызметкерлері және мемлекеттік корпорация қызметкерлерімен 7 «дөңгелек үстел», 2 рет бөлім қызметкерлерімен «Ашық есік» күні өткізілді, 7 қарашада «Мүгедектігі бар жандарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» аясында тікелей эфир жүргізілді. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына 4 мақала жарияланды. Бұдан бөлек бөлімнің әлеуметтік желісіне «Қолжетімді орта» талаптарының сақталуы бойынша жыл басынан бері 7 мақала жарияланды. Сонымен қатар «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» арқылы 1207 мүгедектігі бар жан қызмет алды.

«Пандустармен, бейімделген лифтілермен, дәретханалармен, зағип жандарға арналған бағыттаушы белгілермен қамтамасыз етуді қоса алғанда, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін инфрақұрылымды жақсарту» мақсатында тиісті әлеуметтік сала нысандарына және объектілерге зерделеу жұмыстарын жүргізу бойынша жыл басынан бері 27 әлеуметтік нысанға зерделеу жұмыстары өтті. Ғимараттардың мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді орта талаптары зерделеніп, оның ішінде 11 нысан «Интерактивті қолжетімді картасына» inva.gov.kz ақпараттық жүйесіне енгізілді. Бөлімге қарасты жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы КММ-нің үш бөлімшесі жұмыс жасайды. Олар:

1) Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету. Онда 48 балаға 6 әлеуметтік қызметкер қарастырылған.

2) Жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге үйде қызмет көрсету бөлімшесі. Онда 58 есепте тұрған қарияға 6 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетеді.

3) Күндізгі болу бөлімшесі. Онда есепте тұрған 18 мүмкіндігі шектеулі балаларға 3 тәрбиеші жұмыс жасайды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2021 жылғы 22 ақпандағы №47 бұйрығына сәйкес, 2024 жылдың 4 сәуірінен «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз жұмысын бастады. Орталықтың негізгі мақсаты-зейнеткерлік жастағы адамдарды белсенді мәдени, шығармашылық, спорттық және іскерлік өмірге әлеуметтендіру, олардың физикалық, психикалық денсаулығының ұзақтығын арттыру болып табылады.

Қазіргі таңда орталыққа тіркелген 100-ге жуық зейнеткермен жұмысын атқаруда. Сондай-ақ, 2024 жылдың қараша айынан бастап бөлімнің жанынан «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз жұмысын бастады. Отбасын қолдау орталығының негізгі мақсаты Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік, құқықтық және психологиялық қолдау көрсету болып табылады. Орталық қызметінің бағыты: Консультациялық көмек, интеграцияланған модель арқылы өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды (отбасыларды) қолдаумен қамту жөніндегі жұмыстарды, жергілікті атқарушы органдармен мобильді топтардың жұмысын ұйымдастыру, уақытша тұруды қамтамасыз ету, мемлекеттік отбасылық саясат шараларын, оның ішінде неке және отбасын сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу шаралары, мемлекеттік отбасылық саясатының бағыттары мен шаралары туралы ақпараттық-түсіндірме жұмысы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі жұмыстарды, жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, еріктілерімен, консультативтік-кеңесші органдармен мемлекеттік отбасылық саясатты іске асыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау, мемлекеттік отбасы саясатының үрдістерін мониторингтеу және талдау болып табылады. Қазіргі таңда осы бағыттарды басшылыққа ала отырып, құрылған жұмыс жоспарына сәйкес, жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып аудан мектептерінде және округ тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, отбасын қолдау орталығының жұмысын ұйымдастыру мақсатында бекітілген мобильдік топ құрамымен бірге өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар анықталып, сүйемелдеу жүргізілді. Психологиялық және заң аясында тұрғындар өз қызметтерін алып, қазіргі таңда орталық қызметкерлерімен тығыз байланыста. Және оларға тиісті қолдау көрсетілуде.

Ж.Қазиева,

аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT