Өткен аптада «Латын әліпбиіне көшу мәселесі» тақырыбында аудандық семинар өтті.
Алдымен, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы Ү.Кенжина латын тіліне байланысты баяндама жасады.
«Латын тіліне көшуге байланысты ауданда бірқатар шаралар өткізілді. Дүкендердің маңдайшалары, мемлекеттік мекемелердің атаулары латынша жазылуда», - деді ол. Семинарға қатысқан «Жылыой жарнамасы» газетінің бас редакторы Н.Ақназаров «Латын тіліне біртіндеп көшуіміз керек. Газетімізде де бұл тақырыпты насихаттап отырмыз» дейді.
Ардагер ұстаз Н.Төлеуов латын әліпбиін әр мекемеге іліп, көрнекіліктерді одан әрі көбейту керек деген ұсынысын айтты. Семинарға қатысқан жастар латын тілін тез үйрену үшін ұялы телефонға да осы әріптерді қосымша қондыру керек деген пікірлерін айтты. Көпшілік ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Ж.Шаңқанова