Латын әліпбиіне көшу ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадам

Елбасы 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек.

Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. Өткен аптада «Кең Жылыой» мәдениет үйінде республикалық «Үш байлық» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Халықты жаңа қазақ әліпбиіне үйрету» жолында көшпелі семинар-тренинг өтті. Тренингті мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Парламент Мәжілісінің 5-шақырылымының депутаты мен ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбек жүргізді. Оразкүл Асанғазықызы ұлттық кодымызды, болмысымызды сақтауға бірден-бір жол көрсететін, тіліміз, діліміз, дініміздің дұрыстығын ұғыну, рухымызды көтеру бағытында әсерлі әңгімелеп берді. «Латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады» - дейді ол.

Әлімхан Жүнісбек латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің жазылуы мен дыбысталуы туралы түсіндірді. Бүгінде латын әліпбиінің екі бірдей нұсқасы ұсынылып, әзірге олар мақұлданбай отырған көрінеді. Осы орайда, өз нұсқасын ұсынып таныстырды. Ақын Бүркіт Базарбаев, еңбек ардагері Рашид Әділтегі, Тілеген Кадіровтер өз пікірлерін білдірді.

Қ.Нұртайұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521