Төл әріптері бар қазақ әліпбиі жиі оқылмайды.
Латын әліпбиіне көшудің артықшылықтары өте көп. Біз ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз, ал дүниежүзіндегі адамдардың көбі латын әліпбиін қолданады. Бәріміз интернетті пайдаланғанда да бұл мәселемен кездесеміз. Төл әріптері бар қазақ әліпбиі жиі оқылмайды. Соған байланысты қиыншылықтар да пайда болады. Біз бұл жерде ұлттық мүддені де көздеуіміз керек.
Тегі бір түркі әлемі халықтарының барлығы латын әліпбиіне көшу арқылы бір-бірімен жақындықты нығайта алады. Байыппен таразыға тартып, бізден бұрын латын әліпбиіне өткен мемлекеттердің қандай кемшіліктері болды, қандай қамтылмаған мәселелері болды? – осылардың барлығын зерттеп, бағдарлама дайындауымыз керек.
Ш.МҰХТАРҚЫЗЫ