Лай судың лаңы

Мына көрініс Құлсары қаласының 90-ыншы және 2000-ыншы жылдардың басындағы қиын кезеңін еске түсіреді. Онда қасқалдақтың қанындай қат болған ауыз су көпқабатты ықшамаудандағы үйлердің жоғарғы қабатына көтерілмейтін. Тұрғындар амалсыздан бидоны мен шелегін салдырлатып, төмендегі төледен шыққан құбыр шүмегінен су таситын еді.
Биылғы мамырдың 20-сынан бастап құлсарылықтар сырттағы су сүзгісі қондырғысынан су тасуға мәжбүр. Өйткені "Магистральдық су ағызғысы" ЖШС-ның магистралдық құбыры арқылы қалаға беріліп жатқан ауыз судың сапасы бұзылды. Бастапқыда сағатпен шектеп берілген судың түсі өзгеріп, лайланып кетті. Бірнеше күн өтсе де бұл жағдай өзгерер емес.

Серіктестік басшылығы мұны магистралдық құбырлардағы жаңғырту жұмыстарымен байланыстырып отыр. Ауыз судың сапасын анықтау мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл жерде қала халқы екі шығынға ұшырап отырғанын ескерген жөн. Үйге құбыр арқылы келетін лай су үшін есептегіш арқылы бәрібір ақы төлейді. Оның үстіне, үй сыртындағы су сүзетін автоматты қондырғы да тазартылған суды тегін бермейтіні белгілі. Оған қарапайым халықтың барлығының бірдей қалтасы көтере бермеуі мүмкін.
Өз тілшімізден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT