КӨЗІ КӨРМЕСЕ ДЕ, КӨКІРЕГІ ӘН САЛЫП ТҰР

Қос жанарының нұры болмаса да, жүрегінің жарық сәулесі арқылы барлық тіршілікке жылылық сыйлайтын жандар жетерлік. Соның бірі де бірегейі – әсем даусымен шырқаған әуелеген әнімен құлақтың құрышын қандырып жүрген Бақытгүл Биманова. Ол өткен аптада шымылдығын ашқан облыстық байқаудан «Көрермен көзайымы» номи- нациясын жеңіп алды. Атырау қаласында ретро әндерден зағип жандар арасында «Сағындырған әндер-ай» атты ІІ қалалық ашық фестиваль өтті. Оған ауданның барлық өнерпаз белсене қатысып, жалпы саны 11 үміткер өз бағын сынады. Екі кезеңнен құралған өнер бәсекесінде ел арасында көзге көп көрінбей жүрген жезтаңдай әншілерімізді танып алдық.

«Ақындар ауылы» атанған Ақкиізтоғайда туып-өскен жерлесіміз Бақытгүл Әбілқайырқызы жасынан есепке жүйрік болып, есепші қызметін атқарған екен. Бүгінгі күні ол –– ардақты ана, немерелеріне айтары мол аяулы әже. Алғашқы турда «Саржайлау» әнін әуелетсе, екінші кезеңде «Жалын кешкен»-ді нақышына келтіре шырқады. Екі кезең қорытындысы бойынша арнайы номина- цияны иеленген Бақтыгүл Биманова байқау туралы әсерімен былай деп бөлісті:

-Өнер жарысы өте жоғары деңгейде өтті. Біздің жұлдызды шағымызды жандырған ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да тоқтап қалмаса екен деген ізгі тілек бар. Қалың көрерменнің алдында өнер көрсету –– өзім үшін бір ғанибет. Фестиваль соңында барлық қатысушы марапатталып, арнайы сыйлықтар тапсырылды. Біздің жерлесімізге әділ-қазылар қос ішекті киелі қоңыр домбырамызды та быстап, келер күнде де дәстүрлі әндерімізді келешек жас ұрпаққа насихаттап жүре беруіне тілектестігін білдірді.

Е.АЛТАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT