Қызылқоғалық полиция қызметкерлері Құлсары қаласына көмекке барды

Құлсары қаласында болып жатқан төтенше жағдайға байланысты, тасқынмен күреске Қызылқоға ауданының полиция қызметкерлері де көмек көрсетуде.

«Біз полиция департаменті қызметкерлері, облысымызда төтенше жағдай орын алған Құлсары қаласына көмек көрсетуге арнайы  келдік. 1 аптадан бері осындамыз. Еліміз үшін отқа да, суға да түсуге дайынбыз», дейді полиция қызметкері Азамат Рысбаев.
Полиция қызметкерлері қауіпті аймақта үйлері суға кеткен тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіруге ат салысты.
Жылыойдағы тасқынмен күреске Атырау облысы полиция департаментінен 225 қызметкер, 33 техника жұмылдырылды.
Облыстық жедел штаб
t.me/oper_shtab_atyrau
@oper_shtab_atyrau

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521