Қызылқоғада тасқын су автожолдарды шайып жатыр

Қызылқоға ауданы әкімдігінің хабарлауынша, облыстық маңызы бар «Сағыз-Миялы-Индер» тас жолының Миялы ауылынан 4 км қашықтықтағы Миялы Сағыз бойындағы тасжолдың үстінен су жүріп кетуіне байланысты, 31 наурыз күні сағат 22.00-ден бастап көлік қозғалысы тоқталды. Қазіргі уақытта 1 моторлы қайықпен сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін аралықта тұрғындарды тасымал ұйымдастырылуда.
Облыстық маңызы бар «Миялы-Қарабау-Индер» тас жолды тасқын су шайып кетіп, әзірге облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 10 Камаз, 2 погрузчик техникаларымен уақытша қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Облыстық маңызы бар «Миялы-Қарабау-Индер» тас жолының Жасқайрат ауылынан 2 км қашықтықтағы «Жалаңаш көл» тұсындағы тасжолдың үстінен Ойыл өзенінің жайылмаға шыққан тасқын суы жүріп кетті. Су жүріп кеткен жердің ұзындығы 120-130 метр шамасында. Автокөлік қозғалысы шектелді. Қызыл судан жырылған тас жолдар жергілікті бюджет есебінен қалпына келтіріледі. Бұл жұмыстар көктемгі өр суы келу кезеңі өткен соң басталады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT