Қызылқоғада Миялы, Жанкелдин, Ойыл, Көздіғара, Тасшағыл, Қаракөл, Қызылқоға, Тайсайған ауылдық округтеріне тасқын қаупі төніп тұр

Қазір Миялы ауылында қауіп сейілгенімен, Ойыл бойындағы округтерге қауіп төндіруде.

2 сәуір, сағат 14.30-дағы ақпарат бойынша, Көздіғара ауылдық округі Қоныстану ауылындағы сайда орналасқан 4 тұрғын үй (1 бос тұрған үй) суға кетіп, 8 тұрғын мен қора жайдағы малдары қауіпсіз аймаққа көшірілді.

Қазіргі таңда округте 6 арнайы техника жұмыс жасауда, Тасшағыл ауылдық окрунінен 2 техника көмекке жіберілді. Округке қарасты Қосқұлақ және Бүйрек елді мекендері бар. Елді мекен тұрғындары мен қора жайдағы малдары да қауіпсіз аймақта.

Сонымен қатар, Ойыл ауылдық округіне қарасты Балабейіт қыстағы тасқын судың қоршауында қалды. Қауіпсіз аумаққа көшіру мақсатында ауданнан 2 қайықпен кеткен құтқару жасағына тұрғындарынан өз еріктерімен бас тартып, қыр басына қорадағы мал жайларымен бірге қауіпсіз аймаққа шықты. Қыстақтағы 11 тұрғын мен 173 мал басы бар.
Еске сала кетсек, Қызылқоға ауданында 31 наурыздан бастап төтенше жағдай жарияланды.

Қызылқоға ауданы әкімдігі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT