Қызылқоға ауданының 11 ауылында ашық спорт алаңы салынып жатыр

Құрылыс жұмыстары жыл аяғына дейін ақталады. Бұл туралы аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Дулат Нығметов мәлім етті,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Жасқайрат, Қоныстану, Тасшағыл, Қаракөл, Тайсойған және Миялы, Сағыз ауылдарында 11 спорт алаңының құрылысы басталды. Қазір мердігер мекемелер жер тегістеу, қоршау жұмыстарын аяқтай келді. Жалпы құрылыс алаңдарына 80-ге жуық жұмысшы мен 16 техника бөлінді, - деді ол.
Ашық аспан астындағы кешен 1665 шаршы метрді құрайды. Жоба бойынша әр ауылда кіші футбол алаңы, көше тренажерлары және ойын алаңдары қарастырылған Қазір ауданда бұқаралық және кәсіби спорт түрімен шұғылданатын 10 мыңға жуық адам бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT