Қызу дайындықпен келді

Ауданда референдумға дайындық қызу жүрді. Айталық Құлсары қаласындағы №16 Д.Жазықбаев атындағы орта мектепте орналасқан №101 дауыс беру учаскесінің әзірлігі айтарлықтай. Аталған учаскеге 1730 адам тіркеліп тұр. Әзірге үйден дауысын беруге өтініш бергендер жоқ. Бірақ:

-Референдум уақытында өтініштер келуі мүмкін. Себебі, кей азаматтар үйдегі қарт ата-әжелерінің үйден дауыс бергісі келетіндігін жеткізіп жүрді өткен сайлауларда,- дейді өз сөзінде референдум комиссиясының төрағасы Жәнібек Айтжанов.

№101 учаске, негізінен, қаланың І ықшамауданы тұрғындарын қамтиды.

Айта кетейік, барлық учаскелерде таңғы сағат 7-ден бастап, кешкі сағат 8-ге дейін азаматтар өз дауысын бере алады.

Ерназ Алтайұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT