Жылу беру кезеңінде орын алатын өрт, соның салдарынан адамның қаза болуы және жарақат алуы азаймай тұр. Жүргізілген талдау көрсеткеніндей, бүгінгі таңда азаматтар көбіне-көп тілсіз жау кезінде, улы және табиғи газдан уланудан көз жұмып, дене жарақатын алып жатады. Сондықтан бұл мәселе қоғамда ең өткір тұрғанын көрсетті.
Сондықтан аудандық төтенше жағдайлар бөлімі 2024-2025 жылғы қысқы жылу беру кезеңіне дайындық жұмыстарын тамыздың 15-інен бастап кетті. Мақсат – тұрғын үй секторында өрт профилактикасын жүргізу іс-шараларын қолға алып, тілсіз жаудың туындау тәуекелін азайту, адамдардың қаза болуы және жарақаттану қаупінің алдын алу.
Осыған орай аудан тұрғындары мен қонақтарына ескертеріміз: биылғы жылдың 15 тамызы мен келер 2025 жылдың 15 сәуір аралығында бөлім мамандары тұрғын үйлерді аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізетін болады.
Ә.СЕРІКОВ,
аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері,
азаматтық қорғау аға лейтенанты