Құрманғазы ауданының ауылдарында электр энергиясы қалпына келтірілуде

Құрманғазы ауданының біраз ауылында қатты желден сөнген электр энергиясы қайта қалпына келтіріліп жатыр”, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аталған аудан әкімдігіндегі мамандар аудан бойынша тоқ көзінен ажыраған 10 890 абоненттің қазіргі уақытқа дейін 5140-інің электр энергиясы қалпына келтірілгенін айтты. Бүгін сағат 20.00-дегі жағдай бойынша, Теңіз, Бірлік, Сафон, Кудряшов, Көптоғай, Еңбекші, Мақаш, Ақкөл, Қиғаш және Жыланды ауылдық округтерінде жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Аталған жұмыстарға «Атырау-Жарық» мекемесінің 10 бригадасы, алпыстай жұмысшысы мен 23 техникасы жұмылдырылған.

Жергілікті ауылдық округ әкімдері, округ аумақтарында жағдайды халыққа тұрақты түрде хабардар етіп, ахуалды бақылауда ұстап отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT