Қураған қалың қамыс көл тамағын бітеп тастады

Құлсары екі орап өтіп жатқан Құрсай өзегінің арнасы суға лық толы. Бірақ ағыс екпіні Қамыскөлге жете алмай орта жолда саябырсып қалып жатыр. Соның кесірінен орталық көшелер бойымен өтетін өзектегі су каналдың ернеуіне жетіп, жағалауына қатер төндіріп тұр. Оның үстіне, автокөлік көпірлерін су шайып кету қаупі де жоқ емес.
Мұның барлығы Құрсай арнасы мен Қамыскөл тамағына біткен қалың қамыс пен қоғаның кесірі.

Соның салдарынан тасқын суы әлі күнге көл арнасын толтырған жоқ, әрі бүйте берсе өзек толы тасқын қалаға жайылып кетуі мүмкін. Сондықтан жедел штабтың жұмылдыруымен төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінің, «ЭкоҚала ХХІ». «Жылыой-тазалық» ЖШС жұмысшыларының күшімен Құрсай өзегін қамыстан тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Өз тілшімізден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT