Құтқарушылар тәулік бойы бөгеттерді нығайтуда

Атырау мен Маңғыстау облыстарының ТЖД бірлесіп Есет батыр атындағы №20982 және Б.Момышұлы атындағы №28237 әскери бөлімдерінің күштерімен тәулігіне 8500 қап төселді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырау облысында жалпы саны 104 674 қап қапталып, 21 000 тонна инертті материал арқылы бөгеттер нығайтылды. Әскери қызметшілер мен құтқарушылардың кәсіби біліктілігі мен үйлесімді жұмысының арқасында тұрғындар үшін қауіпсіз орта қалыптасып, аймақтың су тасқынына қарсы қауіпсіздігі күшейтілді. Бұл шаралар Атырау облысы мен оның тұрғындары үшін маңызды қадам болып табылады. Жағалауды нығайту жұмыстары ТЖМ командалық-штабтық арнайы техникасының жарықтандыру аспаптарының көмегімен жалғасуда.

Аман ШАМАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT