ҚСЗИ директоры: жаңа Конституциядағы діннің мемлекеттен бөлінуі – бұл қоғамның көп жылғы сұранысына берілген жауап

Тәуелсіз әлеуметтік зерттеуге қатысқан қазақстандықтардың басым көпшілігі Конституциялық реформаны қолдап отыр. Азаматтар сондай-ақ ұсынылған өзгерістерден жеке әл-ауқаты мен жалпы өмір сүру сапасының жақсаруын күтеді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов Конституциялық комиссияның кезекті отырысында хабарлады.

Жандос Шаймарданов ауқымды реформа бойынша жұмыс 2025 жылдың қазан айында басталғанын және азаматтардан тікелей кері байланыс алумен қатар жүргенін еске салды.

Мәселен, Конституциялық комиссияның жұмысы басталған кезде азаматтар, заңгер-ғалымдар, сарапшылар, саяси партиялардан және үкіметтік емес ұйымдардан 2 мыңнан астам бастамашыл ұсыныстар келіп түскен.

ҚР жаңа Конституциясы жобасының ашық жариялануы да еркін қоғамдық пікірталас қаұласты. eOtinish платформасы арқылы өтініштер әлі де түсіп жатыр. Олардың саны 4 мыңнан асты.

«Азаматтардың сұрақтары мен бастамаларын тұтастай алғанда үш негізгі бағыт бойынша топтастыруға болады, олар жүргізіліп жатқан реформаның сындарлы және оң қабылданып жатқанын көрсетеді», депатап өтті ҚСЗИ директоры.

Оның айтуынша, қоғамда Ата заңды қабылдау тұрғысында көзқарас өзгеріп келе жатқаны байқалады. Мәселен, азаматтардың едәуір бөлігі үшін Конституция билік органдарының өкілеттіктерін реттейтін заңды құжат ретінде ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің құндылық бағдарларын, даму принциптерін белгілейтін негіздемелік мәтін ретінде қабылданып отыр.

«Азаматтардың өтініштеріне қарасақ, олар конституциялық нормалардың қолданбалы маңызы болады, күнделікті өмірге, әлеуметтік әділеттілікке және мемлекеттік шешімдердің сапасына әсер етеді деп күтуде», - деді Жандос Шаймарданов.

Ол ұсыныстардың екінші топтамасында құқық пен әділеттіліктің үстемдігі қағидаттарын нығайтудың, сондай-ақ институттарға деген сенім мен бәрінің заң алдындағы теңдігінің негізі ретінде «Заң және Тәртіп» тәсілін дәйекті түрде жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілгенін айтты.

«Азаматтардың едәуір бөлігі үшін Ата Заңадамның құқықтары мен бостандықтарының басымдығын қалай бекітіп, оларды қорғаудың түсінікті және бірыңғай ережелерін қалыптастыратыны шешуші мәнге ие. Конституция бұл тұрғыда жеке бас бостандығымен ұлттық мүдделер арасындағы теңгерімді қамтамасыз ететін құрал ретінде қарастырылады», - деді ҚСЗИ директоры.

Сонымен бірге ол мүдделер теңгерімі мәселесі халықты адам құқықтары менбостандықтары тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар халықаралық міндеттемелермен ұлттық заңнама тұрғысынан да толғандыратынын айтты.

«Сондай-ақ бірқатар азаматтар мемлекеттіктілдің мәртебесі туралы мәселеге назараударуда. Жаңа Конституция жобасында қазақтілі мемлекеттік тіл ретінде нақты бекітілген», -деп атап өтті Жандос Шаймарданов.

ҚСЗИ директорының айтуынша, пікірталастың тағы бір бағыты мемлекет пенбілім беру жүйесінің зайырлы сипатын бекіту.

«Көптеген жылдар бойы қоғамда дінніңмемлекеттен институционалдық тұрғыда бөлуге деген сұраныс қалыптасты. Бұл сұранысқа жауап ретінде Конституция діндімемлекеттен бөлуді ұсынады», деді ол.

Жаңа Конституцияның жобасындазайырлылық ғылымға, инновацияға жәнеадами капиталды қалыптастыруға басымдықберетін заманауи білім беру жүйесіндамытудың қажетті шарты ретінде белгіленді.

«Қоғамдық пікір» институты жариялағанәлеуметтану зерттеуі нәтижелері сауалнамағақатысқандардың 79%-ы жүргізіліп жатқан реформаларды уақтылы деп санайтынын көрсетіп отыр. Азаматтардың едәуір бөлігіконституциялық өзгерістерді жеке әл-ауқат пенөмір сапасының жақсаруымен тікелейбайланыстырады. Респонденттердің 65%ұсынылған өзгерістер олардың өміріне оң әсерететініне сенеді», - деді Жандос Шаймарданов.

Оның айтуынша, сауалнамаға қатысқандардың басым көпшілігіреспонденттердің 78% конституциялықреформаға қолдау білдірген.

«Тәуелсіз әлеуметтік зерттеу нәтижелерікөрсеткендей, конституциялық реформаазаматтарды кеңінен тартуға және қоғамдыққолдауға негізделген», - деп қорытындыладыҚСЗИ директоры.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT