Кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау

Бүгінде өз ісін енді бастауға ниетті жандар қайда барып, нендей жұмыстарды атқару керектігі туралы біле бермейді. Тіпті тәжірибелі кәсіпкерлердің арасында да мемлекеттік бағдарламалар арқылы қаржылай көмектер, несие немесе субсидия алудың талап-тәртібін білетіндер де кемде-кем. Осыған орай ауданда көшпелі мәжіліс ұйымдастырылды.

 Жиынға аудан әкімінің орынбасары Ерлан Нұрланов қатысып, қаржы институттары мен екінші деңгейлі банктер спикер ретінде сөз сөйледі. Мақсат – кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру және өзекті мәселелерді талқылау.

Мәжілісте кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында көрсетілетін қолдау кеңінен таныстырылды. Атап айтқанда, несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау, шағын несие беру, несиені ішінара кепілдендіру, сондай-ақ мемлекеттік гранттарды алу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берілді. Аталған шаралардың кәсіпкерлік бастамаларды қолдаудағы маңызы мен шарттары түсіндірілді.

 Сонымен қатар ауылдық жерлердегі шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы, «Бизнес Аймақ» бағдарламасы, моноқаладағы кәсіпкерлерге арналған «Атырау өнімі» және «Өрлеу» бағдарламаларының негізгі бағыттары мен артықшылықтары таныстырылды. Аталмыш жобалар аясында өндірісті кеңейту, жаңа жұмыс орындарын ашу және жергілікті өнімді қолдау мәселелері сөз болды.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Жиында қатысушылар мамандарға өздерін толғандарын сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды. Сондай-ақ бірқатар мәселелер көтеріліп, кәсіпкерлікті дамытуға қатысты ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынды. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта мұндай кездесулер жалғасатынын айтты. 

А. Махамбетова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT